Мәзір
Іздеу
Тауарлар каталогы

Инновация тарихы

1959: Құрылуы

Феррер компаниясы қазіргі Испания тарихындағы маңызды тұлға Карлос Феррер Салаттың (1931 жылы туған - 1998 жылы қайтыс болған) басшылығымен жаңа дәуірді бастайды. Оның көптеген жетістіктерімен қоса ол CEOE (Испан коммерциялық ұйымдар конфедерациясының) негізін қалаушы және Төрағасы, сондай-ақ Еуропалық экономикалық және әлеуметтік комитеттің президенті болды. Алайда, бизнес әлемінде оның ең маңызды мұрасы Феррер компаниясы болып саналады. Ол Компанияны инновацияға және интернационалдандыруға негізделген жетістіктің бірегей көрінісімен толықтырды.

60-жылдары: Шоғырландыру

Бұл философия Феррерді 1960 жылдары Испанияның ішкі нарығында ірі ойыншыға айналдырды. Бұл кеңейту, едәуір дәрежеде, Компанияның жеке зерттеулерінің, бірқатар маңызды дәрілік заттарды ашу мен әзірлеудің салдары болып табылады.

70-жылдары: Интернационалдандыру, біріктіру мен инновация

1970-ші жылдардың басында Карлос Феррер Салат Еуропаға сенді және бүкіл әлем үшін Испанияның ашылуының маңыздылығын түсінді. Феррер Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Ахенге жақын 1797 жылы негізделген Trommsdorff GmbH неміс фармацевтикалық компаниясын сатып алудан халықаралық нарыққа шығуды бастады. Компанияның жаңа зауыты 1975 жылы ашылды. Интернационалдандыру процесі Латын Америкасының маңызды дамушы нарықтарында филиалдарды құрумен жалғасты.


Онжылдықтың соңына қарай Феррер таза химикаттар өндіретін екі компанияны құрып, толық тікелей біріктіруге көшті. Exquim (1976ж.) нарыққа таза химиялық шикізат шығарды, ал Interquim (1978ж.) белсенді фармацевтикалық ингредиенттерді (БФИ) және аралық өнімдерді өндірді.

Және, әрдайым инновацияларға деген пейілділік тұрақты болды; 1977 жылы Барселонада фармацевтикалық зерттеулер жүргізу үшін жабдықталған және ұйымдастырылған жаңа мамандандырылған зерттеулер мен әзірлемелер орталығы ашылды.

80-жылдары: Зерттеулер, пейілділік және әртараптандыру

Феррер компаниясы үшін инновациялардың маңыздылығы 1984 жылы Феррер зерттеу қорының мекемесімен (Fundación Ferrer Investigación)  жылына екі рет биомедициналық зерттеулері үшін Severo Ochoa сыйлығын бере отырып көрсетілді.


Феррер, сондай-ақ өнеркәсіптік қызметке өзінің бұрынғы пейілділігін сақтады, ал тікелей біріктіруді қамтамасыз етудің маңыздылығы Феррер компаниясының барлық өндірістік кәсіпорындарында тиісті өндірістік тәжірибесін (GMP) енгізуге алып келді. Өндіріс сапасына ерекше назар аудару компанияны технология аясында алдыңғы қатарға шығарды.


Әртараптандыру 1988 жылы Zoster компаниясының азық-түлік және фармацевтика өнеркәсібіне арналған өсімдік көздерінен химиялық заттарды экстагирлеу саласындағы әлемдік көшбасшысын сатып алумен жалғасты. Medir Ferrer және Ferrer Alimentación кеңейту азық-түлік қоспалары мен таза химикаттар өндіру секторларында компанияның қатысуын одан әрі нығайтты.

90-жылдары: Әзірлеме және өсу

90-шы жылдары фармацевтикалық сектор бойынша Феррер компаниясының қызметіндегі ең маңызды жылдардың бірі болды, ол жылы госпитальдарға арналған сату бөлімшесі ашылды. Бұл стратегиялық желі онкология, реаниматология және симптоматикалық терапия саласындағы озық технологиялар мен емдеу әдістеріне бағытталған. Қазіргі уақытта ауруханаларға арналған фармацевтикалық өнімдер, медициналық құралдар мен жабдықтар компанияның жалпы сату көлемінің 20%-ын құрайды.


Химиялық бөлімшеде технологияларды, зерттеулерді және өндірісті одан әрі жетілдіру Феррер компаниясының тамақ секторына қатысуын нығайтуға ықпал етті.

2000 жылдардан бастап: жетістік, кеңейту және тұрақтылық

Жаңа мыңжылдықтың басында Феррер компаниясы, енді Серджи Феррер-Салат басшылығымен өзін жетекші испан инновациялық фармацевтикалық компаниялардың бірі ретінде көрсетті. Келесі онжылдықта бұл ұстаным  сегіз жыл қатарынан үздіксіз екі еселі өсумен нығайтылды.


Сонымен қатар, Оңтүстік Еуропа мен Латын Америкасындағы жаңа еншілес компаниялар, бірлескен кәсіпорындар мен сатып алулар Ferrer халықаралық қатысуын кеңейтті. Қазіргі уақытта халықаралық сату жалпы көлемнің 50%-ын құрайды.

Феррер, сондай-ақ рецептпен, рецептсіз, екпелер, химикаттар және жануарлардың азықтары бойынша дәрілік заттар саласындағы бірқатар негізгі активтерді сатып алды. Қазіргі уақытта Ferrer өнімдері мен қызметтері денсаулық сақтау қызметтерінің барлық спектрін қамтиды.

Алайда, мұндай кеңейту тұрақтылық туралы мәселенің өспелі түсінігімен ұштасқан. Көптеген Феррер орталықтарында экологиялық проблемалар басым болып табылады, ал ең жоғары стандарттар өндірістік процестерге қолданылады, ал тиісті сертификаттау барлық бағыттар бойынша іске асырылады.

Феррер заманауи логистикалық орталығы және фармацевтикалық өндірістік орталығын  кеңейту АҚШ-тың экологиялық құрылыс жөніндегі кеңесімен экологиялық тұрақты құрылыс үшін берілетін "Энергетикалық және экологиялық жобалаудағы көшбасшылық" (ЭЭЖК) аккредитациясын алу мақсатында әзірленді.

 

Фамилия *

Имя *

Телефон *

Е-mail *

Страна *

Город *

Прикрепите ваш файл *

* Поля, отмеченные звездочкой, должны быть заполнены.